Қарияның зейнетақысын алаяқтар алып кетті

Өздерін банк қызметкерімін деп таныстарған алаяқтар 62 мың теңгені алып кеткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция банк картасының құпия нөмірін ешкімге көрсетуге болмайтынын жиі айтады. Себебі соңғы кезде интернет арқылы алдайтындар күрт көбейді.

«Белгісіз біреу зейнеткерге телефон шалып, өзін Халық банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп таныстырған. Сөйтеп интернет арқылы есепшоттағы 62 мың теңге ақшасын алып кеткен. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалды. Полиция жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: