Бершүгірдегі шаң-тозаңды тоқтату үшін су себетін аппарат қолданылады

View this post on Instagram

Осы мәселені шешетін барлық лауазымды тұлғалардың назарына: -Шалқар ауданы Бершугир станциясында орналасқан шебін заводтарының бізге үлкен зиян болып отырғанын қанша уақыттан бері айтып та,жазып та келеміз.Қашанғы білмеген адам құсап отыра бересіздер?Бізді айнала шоғырланған бұл заводтар :ТОО Нуртас-Актобе,ТОО Мугалжар Нефтестрой,ТОО Теміртас,ТОО Диабаз,ТОО Ақшат-Ақтөбе,ТОО Құлан Трас,ТОО Лашын Тас Трейд,ТОО Восток Цемент Комерция,ТОО Тау-кен,MINING INERT MATERIALS, және ол аздай тағы да жаңа заводтар салынғалы жатыр.Бұл заводтар ауылдан заңында 10-15км кашықта болу керек,бізде олар 3-4км ден да жақын.Жел қайдан соқса да шаң ауылға келеді.Тауларлы небір химиялық заттармен жарады, соның шаңы мен уы ауылға келеді.Тау жарғаннан үйлер қозғалады, бұлақтардың көздері бітеліп Шалқар көліне құйып жатқан сайлар тартылып қалды.неше түрлі аллергиямен ауратын адамдар көбейіп кетті ауылда.Бұрын ауасының өзі дертке шипа болған ауылымызда туб.санатория болды.Жер жерден адамдар келіп емделетін еді,қазір онда тек үйсіздер мекендейді.Сайларымыз тасып, балық тар болатын еді.Қазір сай түгіл шалшық та жоқ,балық түгіл бақа да жоқ.Ауылдан көшіп кетуге бәріміздің жағдайымыз келмейді,тұрмыс тіршілігіміз осында.Бірақ өмір сүрү қиындап бара жатыр.Ауылымыз осы заводтардын арқасында гүлдеп жатса екен, жок керісінше қурап бара жатыр.Біздің сұрарымыз осы заводтар ауылдан алысырақ КӨШІРІЛСІН.Адам өмірі мен қоршаған ортаға зиян әкелулерін тоқтатсын.Жарып-жарып кеткен карьерлерін тегістеп көміп дұрыстап кетсін.Осыны қанша рет айтсақ та бір басшылықтан келіп мәселені қарап ,халыққа көмек беріп жатқан бір адам жоқ.Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз??? #anti_zello

A post shared by ANTI ZELLO (@anti_zello) on

Шалқар ауданының Бершүгір ауылындағы қиыршық тас шығаратын зауытты экологтар тексеріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындары шаң-тозаңға батып, далаға шыға алмай қалғандарын жиі әлеуметтік желіге жазады. Тіпті экологтарға да шағым түсірген.

«Бершүгірде 13 кәсіпорын бар. Бізге ауыл тұрғындарынан шағым түсіп, тексеру жүріп жатыр. Қорытындыны 20 тамызда шығарамыз», — деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.

Аудан әкімдігі де ауылды бақылауға алған.

«Әлеуметтік желіге 4-5 ай бұрын түсірілген фотолар салынған. Қазір мониторинг жүріп жатыр. Тіпті 2,8 миллион теңге айыппұл салынды. Өндіріс орындары су себебін арнайы аппараттарды қондырады. Мұнда жеті зауыт жұмыс істеп тұр», — деді Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

Айта кетейік, зауыттардағы жұмысшылардың 80 пайызы жергілікті тұрғындар. Аудан әкімдігі апта сайын тексеру жүргізетінін, шаң болса зауыт жұмысын дереу тоқтататынын айтып берді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: