Ақтөбеде құрбандықтың құны қанша?

Базар әкімшіглігі құрбан айт кезінде мал бағасына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бірнеше күннен кейін мұсылмандар үшін ұлық мейрам құрбан айт мерекесі келеді. Атаулы күндерде құрбандық шалынады. Қаладағы мал базары әкімшілігі діни рәсімді орындаушылар үшін малдың құны тұрақты болатынын айтты.

«Базарға мал әкеліп жатқандар өте көп.
Сондықтан олардың бағасы тұрақты болып қалады. Марқаның бағасы – 27-30 мың теңге, қойдың бағасы – 35-45 мың теңге, ірі қараның құны – 180-300 мың теңге аралығында болады.

Құрбандықты толықтай сойып, жіліктеу бағасы ұсақ жандықтар үшін үш мың теңге, ірі қара үшін алты мың теңге көлемінде болады», — дейді мал базар бойынша жауапты маман Бақытжан Айнағұлов.
Естеріңізге сала кетейік құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: