Жасыл аймақтағы 1 миллион түп көшет қурап қалды

Көрнекі фото

Әуежай маңындағы «Ақтөбе» деген жазуы бар жасыл аймақтағы 1 миллион түп көшет қурап қалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

2017 жылы механикалық әдіспен 1 миллион 200 түп көшет отырғызылған болатын. Яғни, жерді трактормен жыртып, бойы 40-50 см болатын көшет егілді. Сол кездегі қала әкімінің тапсырмасымен «Ақтөбе» деген жазуға арнайы қарағай өсірілді.. Бірақ арада 2 жыл өткенде бәрі қурап қалған.

«Көшет 2017 жылы егіліп, суарылды. «Эко Парк» ЖШС-і сол жылы өз міндетін орындап, күзде қурап қалған ағаштардың орнын толықтырды. 2018 жылы суару жұмыстары үшін жоба дайындалды. Кәсіпкерлер 2 миллиард теңгеге суару, күту, баптау, ағаштарды қайта егуді ұсынды. Бұл қомақты қаржы болып, бюджеттен бөлінбеді. 2019 жылы да бұл жасыл аймақ суарылмады. Негізі екпе көшеттер жерсініп, өзі бой көтеріп кетуі тиіс еді», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: