Жарылған газ құбыры алты үйді күлге айналдырды

АҚШ-тағы Линкольн округінде (Кентукки штаты) газ құбырында жарылыс болып, ол өртке ұласты. Алапат жалын әп-сәтте алты үй күлге айналдырды, деп хабарлайды ABC.

Келеңсіз жағдай салдарынан бір адам мерт болып, тағы бесеуі зардап шеккен. Құтқарушылар 75 тұрғынды эвакуациялады. Бірнеше адам із-түзсіз жоғалған.Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 өрт сөндіру бригадасы тартылды.

Полиция жарылыс себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: