Дуалы қираған балабақша бас ұстаздың назарында

Ақтөбеде дуалы қирап, әлеуметтік желіде шу болған балабақша мәселесін қаланың бас ұстазы назарға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жаңақоныс елді мекеніндегі балабақшының жайы Instagram парақшасына жарияланды. Ауыл тұрғыны дуалы қирағалы тұрған балабақша бүлдіршіндер өміріне қауіпті болатынын ескертіп, шара қолдануды сұраған.

Аталмыш жағдайды білім бөлімінің басшысы бақылауға алған.

«Бұл Ақтөбе қаласы білім бөліміне қарасты Жаңақоныс ауылындағы «Құламан» балабақшасы. Балабақша құрылтайшысы жұмыс күні біткеннен кейін 2019 жылдың 26,27,28 шілдесінде сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Құрылысшылар дуалдарды дұрыс орналастырмаған. Қазіргі қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы аптада айналасы тазаланып, қалпына келтіріледі»,-дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: