Облыс әкімі жаңа әскери көмекшісін тағайындады

Бүгінгі аппарат жиынында Ақтөбе облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметіне Әділбек Құлтаев тағайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әділбек Құлтаев 1969 жылы туған. Жоғары білімді. 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2017 жылы С.Ю.Витте атындағы Мәскеу университетін бітірген, заң магистірі. Еңбек жолын 1992 жылдан бастап, түрлі мемлекеттік лауазымдарда қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап күнге Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінде қызмет атқарып келді.

Бұдан бөлек Мұғалжар ауданының бұрынғы әкімі Ербол Данағұлов жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне бекітілді.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаңа тағайындалған басшыларға сенім білдіріп, нақты тапсырмаларды жүктеді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: