Мұғалжар ауданын басқарған Ербол Данағұлов жұмыссыздыққа жауапты болады

Бүгін облыс әкімі «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ербол Жеткергенұлы Данағұлов 1981 жылы туған. Жоғары білімді. 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық-педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Шалқар ауданының әкімі аппаратында бас маман болып бастаған. 2006 – 2013 жылдары Шалқар ауданы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, Шалқар қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2013 – 2016 жылдары Шалқар ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары Мұғалжар ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: