Биыл жәрмеңкелердің арқасында ақтөбеліктер 12 млн теңге үнемдеді

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 37 жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін көшпелі 85 сауда орны белгіленді.

Көкөністер мен жеміс-жидектер сату үшін шаруа қожалықтарына 286 сауда орны берілді.

«Қала бойынша «Анвар» мен «Дина» ірі сауда желілерінің 38 орны бар. Тауардың бағасына мониторинг жүргізіп отырамыз. Әзірше тауар бағасын 10-15 пайызға өсіру байқалмады», — деді бөлім басшысы Руслан Ажниязов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: