Сотқа себепсіз кешіккен прокурор судьядан сөз естіді

Судья прокурорға қатысты жеке қаулы шығырып, облыс прокурорына ұсыныс жолдады деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Алима Адилова ашық сот отырысына бірнеше сағатқа кешіккен мемлекеттік айыпталушыға ескерту жасады.

«Тиісті түрде сот талқылауының орны мен уақыты туралы алдын-ала хабардар етілген мемлекеттік айыпталушы сот отырысына дәлелді себептерсіз ұзақ мерзімге кешігіп келді. Аталған заң бұзушылықтар туралы сот Ақтөбе облысы прокурорының назар аударуы қажет деп санайды. Жекеше қаулы бойынша қабылданған шаралар туралы Ақтөбе қалалық сотына бір ай мерзім ішінде хабарлансын», — деді судья Алима Адилова.

Прокурор жеке қаулыға қатысты 15 тәулік ішінде шағымдана алады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: