Қытайдағы кәсіпорында 5 адам газдан уланып көз жұмды

Қытайдың Хэбэй провинциясының Хуайлай уезінде орналасқан Great Wall Biochemical Engineering биохимиялық компаниясында газдан уланып бес адам қаза тапты, тағы төрт адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, оқыс оқиға дүйсенбі күні кешкісін, жергілікті уақытпен 16:30-да болған.

Зардап шеккендер жылдам ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы қалыпты.

Оқыс оқиғаның себептері тексеріліп жатыр. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: