Оразалин Хромтау ауданының әкіміне қандай міндет жүктеді?

Ақтөбе облысының әкімі Хромтауға сапарында аудан әкімі Нағымжан Алдияровқа бірнеше тапсырма берді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өткен аптаның соңында Хромтау ауданының бірнеше ауылын аралап қайтты. Әкім «Акжар-Агро» ЖШС-нің және «Жантизер» шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты.

«Абай ауылындағы «Ақжар-Агро» ЖШС егін шаруа қожалығы 2000 жылдан бері түрлі дәнді дақылдар егумен айналысып келеді. Кәсіпкер жинаған өнімін облыстан өзге Иран, Түркия, Әзірбайжан елдеріне экспорттап отыр. Ал «Жантизер» шаруақожалығы 4 мыңға жуық сиыр, 1 мыңға жуық жылқы, 1450 бас қой өсіріп отыр. Ондағы ет өнімдері Иран, Ресей еліне экспорттауды бастады»,-деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылық басқармасы.

Облыс әкімі Хромтау ауданына жасаған жұмыс сапарында аудан басшысы Нағымжан Алдияровқа халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуды, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тарту көлемін арттыруды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: