«Мектепке жол» акциясымен екі аптада 3 мың бала көмек алды

Жаңа оқу кезеңіне дейін жүргізілетін дәстүрлі акция биыл облысымызда он бірінші рет өтіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қайырымдылық шарасы бойынша аз қамтылған отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Облыстық білім басқармасына материалдық көмекке мұқтаж он алты мың өтініш түскен. Дегенмен екі аптаның ішінде үш мыңнан аса балаға көмек берілді.

«Республикалық «Мектепке жол» акциясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен үшінші шілдеден бастап отызыншы қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Игілікті шара Шалқар, Темір, Мұғалжар, Хромтау, Қобда аудандары мен Ақтөбе қаласында бастау алды. Он бес күн ішінде 3290 балаға 21 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қыркүйекке дейін біз 16 387 баланы қажетті заттармен, мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрхожаева.

Былтыр дәл осы акция шеңберінде 22 мың балаға көмек көрсетілген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: