Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин инстаграмға тіркелді

Шаһар басшысы өзінің парақшасында Ақтөбенің дамуына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісетінін жазды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бүгінде жаңа ақпараттық технология заманында әлеуметтік желінің орны ерекше. Instagram немесе Facebook арқылы келетін мәліметтер қалада болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарынан түсетін арыз-шағымдардың арқасында мердігер ұйымдарының жұмыстарында кемшіліктер мен қателіктер табылып жатады. Соның барлығын бақылап отырамын», — деп парақшада жазылған.

Сонымен қатар, қала әкімі тек бақылап қана қоймай, маңызды ақпараттармен де бөлісіп отыратынын мәлімдеді.

«Жұртпен етене байланыс орнату үшін Instagram танымал әлеуметтік желісінде аккаунт ашуға шешім қабылдадым. Сүйікті қаламыз – Ақтөбенің дамуына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісетін боламын», — деді шаһар басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: