Шиелісай тұрғындарының ауыз су мәселесі осы аптада шешіледі

Бұл туралы кеше қала әкімінің алдында «Ақбұлақ» АҚ бірінші вице-президенті Амангелді Боранқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, кеше шаһар басшысы Шиелісай ауылы тұрғындарымен кездесті.

«Халық көп болғасын қажеттілік те көбейе береді. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үш жылдық даму жоспары құрылып жатыр. Тұрғындарды мазалаған сұрақтарды тыңдайық деп әдейі алдарыңызға келдік», — деді қала әкімі Мавр Абдуллин жиналған халыққа.

Жергіліктің тұрғындардың айтуынша, ауылда ауыз су мен қалаға қатынайтын қоғамдық көлік мәселелері жиі қозғалады.

«Ақбұлақ» АҚ бірінші вице-президенті Амангелді Боранқұлов келесі аптада ауылға су колонкасы орнатылады деп жеткізді. Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық көлік мәселесін қарастыратынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: