Мавр Абдуллин: Халық көтерген мәселені шешуге жұмыс істейміз

Кеше қала әкімі Ақшат ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ауылда газ бен жарық мәселесі толық шешілген. Дегенмен тұрғындар әр үйге су кіргізіп беруін сұрайды. Бүгінде «Ақбұлақ» АҚ елдімекен тұрғындарына суды көлікпен тасып жүр. Тұрғындар ұңғыма қазудан гөрі, су таситын көліктің көптеп суды әкелгенін жөн көріп отыр.

«Ақшаттағы көпірді көрдік. Ол көпір апатты әлде жөндеуге келеді деген қорытынды керек – соны анықтауға тапсырма бердім. Егер қалыпқа келтіруге жараса, онда жөндейміз. Біз халықпен біргеміз. Халық көтерген мәселені шешуге жұмыс істейміз», — деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: