«Ақтөбе» командасы кезекті ойынын жеңіспен аяқтады

«Қайсар» командасының алаңында ойнаған ақтөбеліктер қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қызылорда қаласына қонаққа барған жергілікті команда сапарын жеңіспен аяқтады. Былтыр келісімшартын ұзартқан жиырма бір жасар жартылай қорғаушы Ардақ Сәулет ойынның басты жұлдызы болды. Бірінші таймның соңғы сәттерінде есеп ашып, соғылған гол командаға жеңіс сыйлады. 19-шы турдың қорытындысы бойынша ең көп жанкүйер «Қайсар-Ақтөбе» ойынына жиналған. Екі жақтан командасын қолдауға 6 500 адам келген.

Келесі кезеңде ақтөбеліктер Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: