Алғадағы ескі химиялық зауыттың маңында жаңа өндіріс іске қосылуы ықтимал

Болашақта зауыт аумағындағы үлкен ғимаратта қой жүнін өңдейтін өндіріс жұмыс жасауы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Алға аудандық әкімдігі мен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Корпарация ірі ауданындағы тұралап қалған өндірістік нысандарға инвестиция тартып ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді жолға қою, жол бойындағы сервисті жандандыру сынды салаларға қолдау көрсетпек.

Жақында сайланған аудан басшысы Мамырғали Аққағазов инвестор табылса ауданда сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығаратын өндірісті дамыту жоспарда бар екенін айтты.

Сонымен қатар, қой жүнін өңдеу өнеркәсібін жүргізетін жандар болса ескі химиялық зауыттың аумағындағы үлкен ғимаратты беруге дайын екенін жеткізді.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алдағы уақытта барлық аудан әкімдіктерімен осындай меморандумға отырады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: