Салықшылар 10,5 мың бөтелке заңсыз алкоголь анықтаған

Бес айдың ішінде 177 сауда орындары тексерілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 10 563 бөтелке немесе 5 789 литр заңсыз ішімдік табылды. Сатушыларда ішімдікті сатуға және сақтауға ешқандай лицензия мен құжаттар болмаған.

Ақтөбелік салықшылар тұрғындардан ешқандай құжаты жоқ алкогольді сатып алмауға кеңес береді.

«Ішімдіктің заңдылығын кез келген адам тексере алады. Wipon мобильді қосымшасы арқылы акциз маркасын сканерлегенде шындық шығады. Заңсыздық анықталса, мәлімет онлайн түрде мемлекеттік кірістер комитетіне бірден жолданады», — делінген ресми жазбада.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: