Қайтарымсыз гранттарға конкурс басталды

Кәсіп ашқысы келетіндер үшін тамыз айынан бастап 3 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Байқау екі аптаға жалғасады. Жаңадан өз кәсібін ашамын дегендерге мемлекет қаржылай көмек көрсетуде. Қатысушылар өтініштері мен бизнес жобаларын облыстық кәсіпкерлер басқармасына тапсыруы тиіс. Тегін гранттарға биыл 60 млн теңге қаржы бөлінген.

«Бұл жаңадан кәсіп бастағысы келіп жүргендер үшін үлкен көмек деп түсінемін. Бизнес идеялар агроөнеркәсіп кешені, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнімдері, туризм, IT салалары бойынша болу керек. Конкурсқа тың жобалар қабылданады. Біздің өңір шағын бизнесті дамытуға қарқынды үлес қосып отыр. Биылдың өзінде 127 жоба мемлекеттен қолдау тауып, іске асырылды», — дейді Ақтөбе облысының кәсіпкерлер басқармасының басшысы Ерлан Назаров.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: