Ақтөбеліктер мүгедек балаларға арналған шипажай ашқылары келеді

«Көк жайлау» ЖШС өкілдері ана мен баланың ауруларын емдеу мен алдын алу үшін оңалту орталылығын ашуды жоспарлап отыр, деп Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше, 17 шілде күні шаһар басшысы Мавр Абдуллин агротуризммен айналысатын «Көк жайлау» ЖШС-не барды. Мұнда 50 төсек орны бар кешен салынып болған.

Әзірше емдеу мекемесі оғаш терінің қабынуымен, витилиго, асқазан-ішек жолы дертімен ауыратын балаларды қабылдап жатыр.

«Саумалдың негізінде емдейтін жоғары техологиялық мекеме жасақтай аламыз. Ол тек Ақтөбе облысының ғана емес, күллі Қазақстанның брендіне айналуы мүмкін», — деді жоғары санатты дәрігер, лазерлік дерматохирург Ольга Степанова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: