Өңірде экономикалық жобалар қолдау табуда

Облысты өнім өндіру және қайта өңдеу саласы бойынша жоба ұсынатындардың саны артқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыруға 1 970 млн теңге қаражат қарастырылған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 127 жоба қолдау тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға жоғары. Бағдарлама бойынша экономикалық жобаларға басымдық жоғары. Олардың қатарына өнім өндіру және қайта өңдеу, қызмет көрсету, көлік тасымалы сынды салаларды жатқызуға болады.

«Біз кәсіпкерлерге кез-келген жағдайда көмек береміз. Өңірдің ерекшеліктеріне байланысты бізде ең көп қолдауға ие болатындар өнім өндіру және қайта өңдеу саласы. Себебі ол бағдарламада басты сектор ретінде айқындалған. Көбіне құрылыс материалдарын өндіретін компаниялар, тамақ өнеркәсібі, күнделікті тұтынатын заттар және жиһаздар шығаратын орындарға қолдау жоғары. Содан кейін өңірімізде мұнай орындары мен үлкен жолдарының орналасуына байланысты көлік тасымалы, жүктерді сақтау салалары бойынша кәсіп ашқысы келетіндер көп», — дейді «Даму» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: