Ақтөбе облысы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруда алдыңғы орында

Құрылыс компанияларына қолдау көрсетуге арналған бағдарламаны іске асыруда Ақтөбе облысы бірінші орында, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде өткен кездесуде «Даму» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев мәлімдеді.

«Бағдарламаның негізігі операторы «Даму» қоры болып табылады. Ақтөбе облысы бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда бірінші орында тұр. Үш жылдан бері облыста жалпы құны 2,8 млрд теңге құрайтын он бір жоба бойынша көмек көрсетілген. Соның ішінде биыл жалпы несие құны 1 млрд теңгені құрайтын үш жобаға қолдау білдірдік. «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу деңгейі өте жоғары», — дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: