«Нұр-Ақтөбе» тұрғындары басқарушы компанияның жұмысына наразы

Ақтөбеліктер №30 басқарушы компанияның жұмысын сынға алып, шаһар басшысының алдында өкпе-реніштерін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, қала әкімі Мавр Абдуллин тұрғындардың наразылығына тап болған №30 басқарушы компанияның өкілдерімен кездесті. Компания өкілдерінің сөзінше, тұрғындар бұзылған жылыту құрал-жабдықтарын алуға ешқандай қаражат шығармайды. Ал тұрғындар, керісінше, мердігер компанияға ай сайын орташа есеппен 2500 теңгеден төлейтіндерін, бірақ жұмыс нәтижесінің жоқтығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, «Нұр-Ақтөбе» халқы көлік аялдамасының болмауынан жүретін жолдың бөгеттелетінін жеткізді.

«Егер жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі келсе, аулаға кіре алмай қалады ғой», — деп шағымданды тұрғындар.

Қала әкімі Мавр Абдуллин №30 басқарушы компания өкілдерінен жауап талап етіп, тұрғындар көтерген мәселелерді 20 күннің ішінде шешуге тапсырма берді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: