«Бақытты бала» жеңімпазы Димаштың концертінде ән шырқайды

Биыл бір емес, екі бала жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Осы жылы «Бақытты бала» фестиваліне қатысуға 500-ден аса бала тілек білдірген. Алайда, қазылар алқасы тек 20 үздік орындаушыны іріктеп, Ақтөбеге шақырды.

Тартысты сайыстың нәтижесінде бас жүлдені елордалық Әйгерім Тілеубек жеңіп алды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің қолдауымен Ресейдің Түмен қаласынан келген Ислам Балкоевке де бас жүлде табысталды. Осылайша, екі бала 1 млн теңгеден қаржылай сыйлық алды.

Кештің бас қонағы болған Димаш Құдайберген де ән шырқап, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Сіздерді көргендеріме өте қуаныштымын. Бүлдіршіндердің таңғажайып өнеріне тәнті болып, керемет дауыстарын тыңдап, ләззат алдым», — деді Димаш Құдайберген.

Ол бас жүлдені жеңіп алған Айгерім Тілеубекке ерекше сый жасады. Жасөспірім Санкт-Петербургте өтетін Димаштың концертінде ән шырқайтын болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: