Байқауда бағы жанған Әйгерім Тілеубек қуанышымен бөлісті

«Бақытты бала» байқауында гран-приді жеңіп алған сайыскер Әйгерім Тілеубек Aktobenews.kz ақпараттық сайт тілшісіне жеңісті сәтімен бөлісті.

Нұрсұлтан қаласынан келген Әйгерім байқаудың бас жүлдесі бұйырады деп ойламаған. Бірақ, жоғары нәтижеден үміттенген. Жас талант қуанышты сәтінде өнер жолына шыңдаған жандарға алғысын білдірді.

«Мен өзім жеңемін деп ойламадым, тек үміт болды. Қазір қатты қуанып тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірінші ата-анама, мені дайындаған барлық жандарға алғысымды білдіргім келеді. Бүкіл отбасыма рахметімді айтамын. Байқауда танымал сазгер және менің әкем Медет Салықовтың «Жұмақ мекен» атты әнін орындадым. Бұл туындыға бір жарым айдай дайындалдым. Екінші орындаған әлемдік хит әнді бір жылдан бері айтып келе жатырмын. Келесі жылғы бақытты бала сайыскерлеріне сәттілік тілеймін. Бұндайды күткен жоқпын. Әлі таңғалып тұрмын», — дейді жас әнші.

Жақында 12 жасқа толатын Әйгерімге Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербург қаласында өтетін жеке кешінде өнер көрсету бақыты бұйырды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: