Жарты жылдың ішінде есірткі сататын 250 сайт анықталды

Өңірде «нашақор» деген диагнозбен 1600 жуық адам есепте тұр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте 6 айдың ішінде 117 келі есірткі тәркіленгені жазылған. Осылайша, есірткі тасымалдау мен тарату бойынша 119 қылмыс тіркелген.

Есірткіге мас болып, көлік айдаған 75 жүргізуші ұсталды.

Нашаны сайт арқылы да сатып жатыр. Қылмысқа қатысы бар деген 250 сайт анықталды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: