Молдағұлова даңғылындағы жерүсті өткелі іске қосылады

Ақтөбеде жерүсті өткеліне лифт қондырылып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаладағы Әлия Молдағұлова даңғылында екі жерүсті өткелі бар. Бірі іске қосылды, екіншісі таяуда қолданысқа беріледі.

«Әлия» базары маңындағы жерүсті өткеліне лифт қондыру жұмыс бір аптада аяқталады. Мүгедектерге арналған лифтті іске қоспай қосымша жүргіншілер жолағын алып тастай алмаймыз. Ал 12 ықшам аудандағы жерүсті өткелінде лифт қарастырылмаған. Бұл кәсіпкердің қалаға сыйы болатын. Оған жеделсаты қондыруды міндеттей алмаған соң қосымша жүргіншілер жолағы қала береді», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Төреғали.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: