Ақтөбені дамыту тұжырымдамасы айқындалды

Оны әрі қарай толықтыру үшін тұрғындардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің ресми парақшасында Ақтөбені дамыту тұжырымдамасы жарияланды.

«Ол қаланың тарихи келбетін сақтауға, «жасыл аймақтарды» және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға, көп қабатты үйлер ауласын абаттандыруға және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы орта қалыптастыруға бағытталған», — делінген жазбада.

Сондай-ақ, тұрғындардың өмірін жайлы ету үшін үш жылдық жоспардың әзірленіп жатқандығы жазылды.

View this post on Instagram

Құрметті ақтөбеліктер! Біздің қаламыз белсенді дамып, тұрғындардың саны жылдан жылға өсуде. Болашақта Ақтөбенің агломерация орталығы және миллион тұрғыны бар қала болатындығына еш күмән жоқ. Ақтөбе өзінің орналасуы жағынан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір іспетті. Шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамып, жыл сайын 2 мыңнан аса жаңа кәсіпкерлік нысандары ашылып жатыр. Соңғы 5 жылда тұрғын үйдің 2,2 млн шаршы метрі қолданысқа беріліп, қысқа уақыттың ішінде «Батыс» және «Нұр-Ақтөбе» жаңа елдімекендері пайда болды. Осылайша, әкімшлік орталықтың серпінді дамуы тұрғындар тарапынан өскен талаптарға жедел жауап беруді қажет етеді, бұл қаланың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту керек деген сөз. Бүгінгі таңда, біздің сүйікті қаламызды әрі қарай дамытуға үш жылдық іс-шаралар жоспары әзірленуде, оның негізгі бағыты — тұрғындарға жайлы өмір жасау! Сонымен қатар, «Ақтөбе – Арман қала» деген қаланы дамыту тұжырымдамасы әзірленді, ол қаланың тарихи келбетін сақтауға, «жасыл аймақтарды» және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға, көп қабатты үйлер ауласын абаттандыруға және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Қадірменді тұрғындар, Ақтөбеде өмір сапасын жақсарту бойынша аталған тұжырымдамаға ұсыныстар мен ескертулер болса, алдын ала алғысымыз шексіз!

A post shared by Ақтөбе қаласының әкімдігi (@aqtobe_akimat) on

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: