Санаулы күндерден кейін арыстық оқушылар Ақтөбеге келеді

Қыркүйек айына дейін қала сыртындағы «Шұғыла» лагерінде арыстық екі жүз бала тегін демалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласына тәжірибелі он ұстаз бен білікті екі дәрігер аттанады. Олар үш күннен кейін лагердің алғашқы кезеңінде демалатын жүз баланы Ақтөбе қаласына әкеледі.

«Шілде айының дәл орта тұсынан бастап алғашқы жүз бала, келесі айдың басынан бастап қалған жүз бала тегін демалады. Қала сыртындағы «Шұғыла» лагері оқушыларды қабылдауға дайын. Ол жақта сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, уақыттарын тиімді пайдалануға толықтай жағдай жасалған. Түрлі үйірмелер ұйымдастырып, жоспарда қаланың көрікті жерлерімен таныстыру да бар. Негізі лагердің уақыты екі апта болғанымен, біз ол мерзімді бір айға дейін созып жатырмыз. Қазіргі таңда арыстық оқушыларды күтіп алуға арнайы бағдарлама дайындап жатырмыз», — дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: