Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 10 жасар қыз бөгде адамның үйінен табылды

Ұзынкөл ауданында жоғалып кеткен қыз бөгденің үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 шілде күні аудандық полиция бөлімшесіне 10 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Іздеу жұмыстарына еріктілер, ТЖД қызметкерлері де атсалысты.

«Пресногорьков ауылынан 100 метр аумақта 10 жасар қызды іздеу жұмыстары жүрді. Кеш уақытына таман жергілікті полиция қызметінің мамандары жоғалып кеткен қызды бөгде әйелдің үйінен тапты», — делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Әзірге қыздың қандай жағдайда жолғалып кеткені белгісіз. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: