Биылғы «Бақытты бала» байқауына 500 бала қатысуға ниет білдірген

Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Молдава, Түркия, Греция, Польша, Канада елдірінің балалары Ақтөбеге келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеше фестивальдің алғашқы күні басталды. Балалар «Грин Лэнд» демалыс орталығында еркін формада бір-бірімен танысты. Ән байқауы жексенбіге дейін жалғасады.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, 10-15 жас аралығындағы балалар 2 кезеңмен сайысқа түседі. Алғашқы кезеңде ұйымдастыру комитеті аудио, видео материалдар арқылы қашықтықтан тыңдау арқылы іріктейді. Үздіктері екі кезеңге жолдама алып, өз ана тілінде және әлемдік хит (немесе авторлық ән) орындауы тиіс. Содан кейін эстрада жұлдыздарынын құралған қазылар алқасы гала концертте жеңімпазды жариялады. Жүлде қоры 2 млн теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: