Ақтөбеде халықаралық волонтерлар форумы өтеді


Үлкен шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінің жастары да қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жастар жылына байланысты жоспарланған ауқымды шаралардың бірі – халықаралық волонтерлар форумы. Айтулы жиынға көрші елдердің белсенділері жиналады.

«Форумды екінші жарты жылдыққа қараша айына бекіттік. Республикалық деңгейдегі Ұлттық волонтерлар жүйесі және Екінші волонтерлар лигасынан тәжірибелі мамамандарды шақырамыз деген жоспар бар. Былтыр Ресей елінде волонтерлар жылы болды. Біздің шарамызға сол көршілес елдердің белсенді жастары қатысып, волонтер мәселелері бойынша өздерінің ой пікірлерін білдіреді. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, жобаларымызды ұсынамыз. Еліміздің әр түкпірінен қонақтар келетін болады», — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлнар Кабиева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: