Ақтөбе облысы Түркістанға театр сыйлайды

Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе жаңа өнер ордасын тарту етпекші, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Түркістан облысына жасаған сапарында салынып драма театрдың құрылысымен танысты.

Төрт қабаттан тұратын көлемі 9700 шаршы метр өнер ордасы екі өңірдің бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ орны болады.

Өңір басшысы жауапты мердігер мекемеге драма театрды көпшілік игілігіне дер кезінде берілуін, әрі сапалы жүруін тапсырды. Маусым айында басталған құрылыс келесі жылдың соңына аяқталады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: