Ақтөбеде фонтандарды жөндеуге байқау жарияланды

Қалада 22 фонтанның тек жартысы ғана жұмыс істеп тұр. Жуырда тағы біреуі іске қосылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қалған 10 фонтанды жөндеу керек, себебі сыртындағы гранит тақтайшалары, су сорғышы, құбырлары ескіріп қалған. Өкінішке қарай, фонтанды бірден жөндеу мүмкін болмай тұр, себебі ол күрделі бөлшектерден құралған. Істен шыққан фонтандарды реттеуге бюджеттен 20 млн теңге қарастырылған. Барлығы ашық әрі қаражаттың сапалы жұмсалуын қамтамасыз ету үшін байқау жарияланды» — деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Рүстембек Омаров.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң барлық фонтандар іске қосылады.

«Пайда болған ыңғайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз. Егер сөніп тұрған фонтандарды қоссақ, бұдан да үлкен ақаулар туғызуы мүмкін», — деді Рүстембек Омаров.

Айта кетейік, мамандар фонтандардың таза болуын әрі жұмыс істеп тұруын күн сайын бақылап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: