Ақбөкенді атып өлтірген аңшылар 7 млн теңге төлеуі мүмкін

Ақбөкен мүйіздері табылған көлікте Әйтеке би ауданы мен Ақтөбе қаласының тұрғыны отырған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық полиция департмаентіне сілтеме жасап.

9 шілдеде заңсыз аңшылыққа қарсы рейд жүрді. Соның барысында Комсомол ауылынан 35 шақырым қашықтықта «Тойота Ланд Крузер» автокөлігі тоқтатылды. Ішінен ақбөкеннің 4 мүйізі, 1 пышақ, 1 қол ара, 1 тіркелмеген мылтық пен 32 оқ табылды.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық кодекстің 339 бабына сәйкес, заңбұзушыларға 7 млн теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында ақбөкенге аңшылық жасаудың 8 дерегі тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: