«Ақтөбе» футбол клубы биыл жаңа ойыншыларды өз құрамына ала алмайды

«Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов

Халықаралық футбол федерациясы ақтөбелік клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі клубтың сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбелік клуб Муарем Муарем футболшының алдындағы қарызын толық өтегенімен, жаңа ойыншыларды тіркей алмайды. Себебі, ФИФА-ның сөзінше, ықпалшара уақыты әлі аяқталмаған. Тек 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап қана «Ақтөбе» клубы жаңа ойыншыларды өз құрамына алуға құқылы.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Ақтөбе» клубынан 12 ұпай шегерілген. Бұрынғы ойыншыларына қарыз боп қалған клубқа ФИФА осындай ықпалшара қолдануға мәжбүр болды. Биыл 16 матч өткізген «Ақтөбе» командасы «-1» ұпаймен кестенің ең соңғы орнында тұр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: