«Харекет» қоры тағы бір ақтөбелік отбасыға баспана сыйлады

Қор ұжымы 113-ші баспананың кілтін жалғыз басты ана Жұмагүл Сұлтанғалиеваға табыстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басында «1000 теңгеге баспана» ұранымен басталған игілікті жоба жемісін беріп жатыр. Көмек сұраған мұқтаж жандарға пәтер сыйлап келе жатқан қайырымды жандар тағы бір ақтөбелік отбасыны қуантты. Облыс бойынша беріліп жатырған тоғызыншы үйдің иесі атанған Жұмагүл Сұлтанғалиева алты баласын жалғыз асырап отырған жалғыз басты ана. Үш жыл бұрын жолдасынан айырылып түрлі қиындықты басынан өткерген қайсар ана осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген.

Баспана кілті үй иелеріне Қоблыланды батыр атындағы орталық стадионда өткен «Ақтөбе-Ертіс» ойыны кезінде табысталды. Екі бөлмелі үй Алға қаласынан берілді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: