Үндістанда автобус құзға құлап, 24 адам қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында жол апатынан 24 адам қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жолаушы толы автобус жолдан шығып кетіп, шатқалға құлаған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Полиция жол апатының себептерін тексеруде.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: