Болашақ дәрігер әлеуметтік желінің ең сұлуы атанды

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған «Мисс Виртуал Ақтөбе-2019» атты сұлулық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық бөлімі 18-25 жастағы қыздар арасында сұлулық байқауын өткізді. Шара «KeruenCity» орталығында салтанатты түрде қорытындыланды.

«Шара үш кезеңнен тұрды. Қатысушы өзінің суретін жібереді, фотосессияға қатысу және суреттерді әлеуметтік желіге жүктеу. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды. Мыңға жуық лүпіл жинаған Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина унверситетінің студенті Жәкеш Нағима бас жүлдеге ие болды. Байқаудың мақсаты — сұлулықты, жастардың арасында гуманистік әлемдік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық талғамға үйрету»,-дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Альфия Мусаева.

Байқаудың финалдық бәсекесінде 9 қыз бақ сынады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: