«Ақтөбе» футбол клубы легионерлерсіз-ақ жеңіске жетті

Қазақстандық премьер-лиганың 16-шы кезеңінде «Ақтөбе» өз жерінде павлодарлық «Ертістен» басым түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

30 маусым күні Қобыланды батыр атындағы стадионда ақ-қызылдар «Ертіс» клубын қабылдады. Ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 11 минутында шабуылдаушы Тимур Мульдинов «Ертісті» алға қарай жетеледі. Бірақ Асланбек Кәкімов пен Виталий Волковтың голдары арқасында «Ақтөбе» жеңіске жетті.

«Ақтөбе» биыл үшінші рет жеңімпаз атанды, дегенмен жарыс кестесінің ең соңында орналасқан. Ал павлодарлықтар бәрінен ұтылып келе жатыр. Бірақ жаңа бапкер Милан Милановичтің басқаруымен «Ертіс» 15 ұпаймен жарыс кестесінде 9-шы орында тұр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: