Автобус жүк көлігімен түйісті

Ақтөбеде №29 бағыттағы автобус КамАЗ автокөлігімен түйісіп, бір адам көз жұмды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға 25 маусым күні Қызылжар елді-мекенінің аумағында болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.

«Жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем ауруханасына тоғыз адам түсті. Тек 56 жастағы әйел адамның жарақаты ауыр. Оның миы шайқалып, қабырғасы сынып, өкпесінен жарақат алған. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Жеткізілген тағы бір адам хирургия бөліміне алынды. Қалған жеті адам үйлеріне жіберілді»,-деп хабарлайды жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Әскербекұлы.

ІІД жол-көлік оқиғасында қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«15 адам зардап шекті. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа болмаған. Бір адам қаза болды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,-деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: