Ақтөбелік кәсіпкерлер көбіне ақша бопсалайтын мемлекеттік органды атады

Кәсіпкерлерден анонимді сауалнама алынды. Соның нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің қызметкерлері «Protecting Business and investments» жобасы аясында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен және Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп, Ақтөбе облысының кәсіпкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізді.

Нәтижесінде 100 кәсіпкердің 11-і тексеріс кезінде мемлекеттік билік өкілдерінің өз қызметін асыра пайдаланатынын айтты.

Негізінен бизнесмендер бопсалау фактілеріне Қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік кіріс, Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдеріне шағымданады.
Қысым көрген кәсіпкерлердің жартысы «Атамекен» палатасына барады екен. Қалған 11%-ы прокуратураға, 9%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне жүгінеді. Ал кәсіпкерлердің 35%-ы қысым жайлы ешқайда хабарламайтын болып шықты.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: