Шалқардан өзгесіне автобус қатынауы мүмкін

Ақтөбе облысы бойынша 22 бағытта автобус шығаруылы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мәслихат сессиясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Әспенов 22 автобустың аудандарға қатынайтынын хабарлады.

«Облыс бойынша халық саны 300-ден кем емес 307 елдімекен бар. 2016-2020 жылдарға арналған өңірлік дамыту бағдарламасына сай осы ауылдарды автобуспен қамту 90 пайызға жеткізу қажет. Алайда осы индикатор 52 пайызды ғана құрап отыр. Олқылықтың орнын толтыру, автобус тасымалын қамтамасыз ету үшін Шалқар ауданынан өзге аудан орталығы мен 11 елді мекенді қоғамдық көлікпен қамту жоспарланып отыр. Алғаға үш, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Ойыл, Хромтау аудандары бойынша әрқайсысына бір бағыт, Қарғалы және Мұғалжар аудандарына екі, Мәртөк ауданына бес, Темір ауданына төрт бағыт бекітілді. Енді тариф, субсидия бекітіледі. Комиссия жұмыс істеп жатыр», — деді Нұркен Әспенов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: