Облыстық әкімдік тарапынан биыл жүз грант бөлінеді

Мемлекеттік гранттан бөлек облыс әкімінің қолдауымен түлектерге тағы жүз грант үлестірілетін болады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл тегін оқуға 66 566 грант бөлініп отыр. Оның – 51 085-і бакалавр, 13 109-ы магистратура, 2312-сі доқтарантураға тиесілі. Одан бөлек облыс әкімдігі тарапынан қосымша гранттар бөлінеді.

«Бұл мәселе бойынша алғашқы отырыс өтті. Бөлінген жүз гранттың отызы медицицна саласына, жиырма бесі білім саласына, жетеуі ауылшаруашылығы саласына қалғаны мәдениет және дін салаларына бөлініп отыр. Былтырғы жүз гранттың қазір жетпіс екісі оқып жатыр. Қалған студенттердің барлығы жақсы оқығандары үшін мемлекеттік грантқа ауысқан. Бұлда балаларымыздың үлкен жетістігі», — дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Сонымен қатар, биыл техникалық мамандықтарға гранттар көптеп бөлінген

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: