Ақтөбеде алғаш рет триатлоннан республикалық жарыс өтеді

22-23 маусымда кәсіби спортшылар мен әуесқойлар триатлоннан жарысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.

Кәсіби спортшыларға арналған сайыс екі жас санатында өтеді. 17 жасқа дейінгі спортшылар «супер-спринт» қашықтығын бағындырады. Ара-қашықтық үш кезеңнен тұрады: 300 м жүзу + 8 км веложарыс – 2 км жүгіру.

Ал ересек кәсіпқойлар «стандарт» қашықтығында бақ сынайтын болады. Мұнда 1500 м жүзеді, 40 шақырымға веложарыс болады, 10 шақырым жүгіреді.

Кәсіби спортшылардан бөлек әуесқойларға арналған сайыс та болады. Қалың бұқара арасында өтетін «TEMIRADAM» Кубогінің V кезеңінде сайыскерлер үш қашықтықты бағындыруы керек. 750 м жүзеді, 20 шақырымға велосипедпен жарысады, 5 шақырымға жүгіреді.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: