Биыл 5 мыңнан аса ақтөбелік түлек ұлттық бірыңғай тест тапсырады

Жауапты сәтте жоғары бал жинаған түлектер мемлекеттік грантқа ие бола алады, деп хабарлйды Aktobenews.kz тілшісі.

ҰБТ жыл басында қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі деп жоспарланды. Қазіргі таңда алғашқы екі кезеңі өтікізіліп қатысушылар 67 пайыз өздерінің балдарын жинады. Бұл оқушылар жоғарғы оқу орындарына ақылы түрде түсе алады. Маусым айындағы тестілеу кезеңіне қатысуға 5189 түлек өтініш білдірген. Үшінші айдағы білім сынағынан жоғары бал алғандар мемлекеттік гранттың иегері атанады.

«Ертең аудандардан басталатын ұлттық бірыңғай тестілеу 26 маусымға дейін жалғасады. Шекті бал ала алмағандар үшін тамыз айында ақылы тест болады. Төртінші рет тапсыруға мүмкіндік беретін тестілеу мемлекеттік гранттардың қорытындысы шыққаннан кейін басталады. Колледж студенттері жоғарғы оқу орындарын түсу үшін 29-30 маусымда кешенді тестілеуден өтеді. Олардың арасында алған мамандықтарын әрі қарай жалғастыратындар болса кешенді тестілеуді тапсырмасада болады. Ақылы негізде әрі қарай оқуларына түсулеріне мүмкіншіліктері бар. Егер тапсырған жағдайда мемлекеттік грантқа түседі», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Облысымызда ұлттық бірыңғай тестілеу он бес пунктте өткізіледі. Оның он екісі аудан орталығында болса, үшеуі Ақтөбе қаласында. Барлық құралдармен жабдықталған 130 аудитория сынақ кезеңіне дайын.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: