Мемлекеттік қызметкерлер 200 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған

2018 жылдың басы мен 2019 жылдың 1 тоқсаны аралығында ақтөбелік мемлекеттік қызметкерлер 206 млн теңгеге шығын келтірген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының мәліметінше, шығынның 93%-ы, яғни 192 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды.

«Субсидия бөлгенде және мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізгенде жемқорлық деректері жиі кездеседі. Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тауар өндіретін кәсіпкерлерге субсидия бөлген облыстық ауыл шаруашалық басқармасының лауазымды тұлғаларын жауапқа тартты. Басқарма адамдары өз қызметін асыра пайдаланып, мемлекетке 100 млн теңгеге шығын келтірген. Оның барлығы өтелді», — дейді мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Қосаева.

Сонымен қатар Қарғалы аудандық сәулет-құрылыс бөлімі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған. Ш.Қалдаяқов ауылына инженерлік байланыс желісі жүргізілмеген. Осылайша, мемлекет 37 млн теңгеге шығындалды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: