Ақтөбеде алтын белгі иегері желі жұлдызына айналды

Түлектерді марапаттау кешінде Әбдіжаппар Әлқожаның әніне ортаға шығып билеген түлек әп-сәтте танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Желі оқырмандары видеоның астына үш мыңға жуық адам пікір қалдырған. Оның ішінде жылы лебізін жаудырғандар да, сынағандар да бар.

Қаладағы №3 мектеп түлегі Сәбина Батенованың өзі мұндайды күтпеген.

«Желіге шыққаны ыңғайсыздау болды. Әбдіжаппар Әлқожа менің сүйікті әншім. Соған қарап өзімнің көңіл-күйім жақсы болды. Бәріне жақсы көңіл сыйлағым келді. Марапаттауға қатысып, Әбдіжаппардың екі-үш әнін тыңдағаннан кейін үйге қайтып кеттім. Видеоны көргенде өзім ұялып қалдым»,- дейді түлек Сәбина Батенова.

Ең сүйікті пәні ағылшын тілі екенін айтқан алтын белгі иегері болашақта тіл үйренгенді қалайды.

Ақтөбе облысында 6337 түлек мектепті аяқтаған. Оның 505 – і «Алтын белгі» иегері. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға – 5189 түлек ниет білдірген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: