Ұялы телефонның несиесін өтемейміз – қоғамдық қор

«Қолғанат Ақтөбе» қорынан банктен алған тұрмыстық несиені өтеуін сұрайтындар да бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

2017 жылдың басында «Қолғанат Ақтөбе» қоры құрылып, қаржыны төтенше жағдай кезінде дереу көмектесуге, дарынды балаларды оқытуға жұмсай жоспарлаған болатын. Бірақ сол жылы су тасқыны болып, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар 273 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Сол қаржыға Қурайлы, Бауырластар, Қызылжарда 110 үй салынды. Баспаналарды қалпына келтіруге 181 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып, зардап шеккендерге 85 миллион теңге қолма-қол ақша берілді. Ал 2018 жылы 1,5 миллион теңге мұқтаж адамдарға аударылды.

«Биыл «Берекет» ЖШС-і 3 миллион теңге, кәсіпкер Марал Итеғұлов 20 миллион теңге аударып, қаржы мұқтаж отбасылардың баспана алуы үшін алғашқы жарна ретінде берілді. Қордан көмек сұрап келген адам жұмыс іздеген емес, тек ақша қажет екенін айтты. Мүгедек баласы бар адам келгенде жұмыс ұсындық, ол бас тартты. Бұл дұрыс емес. Балалары үшін ата-ана тынымсыз еңбек етуі тиіс деп есептейміз. Мәселен, кейбір адамдар iPhone телефонын несиеге алып, бізге несиесін өтеуді сұрап келеді. Сонымен қатар ер адамдардың еңсесін түсірудің қажеті жоқ. Олар жұмыс істемесе, әйел адам көмекке келуі тиіс. Біз көмекке барғанда үйдің іші өте лас, аяқ басып жүру мүмкін емес жағдайға тап боламыз. Осы қателіктерді дұрыстау қажет», — деді «Қолғанат Ақтөбе» қорының төрайымы Алтынай Муханова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: